Павлодарлық кардиоорталықта тың тәсілмен жасалатын операциялар артты
Орталық ашылғаннан бері 30-дан астам инновациялық технологиялар енгізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық кардиологиялық орталығы созылмалы жүрек жетіспеушілігі бөлімінің кардиолог дәрігері Ақерке Ақылжанова енгізілген инновациялық технологиялардың көпшілігі елімізде алғаш рет клиника қабырғасында енгізілгенін атап өтті. Орындалатын операциялардың күрделілігі жыл сайын артып келеді.
Қазақстанда алғашқылардың бірі болып «Мұздатылған піл тұмсығы» әдісімен қолқа доғасының аневризмасын емдеуге арналған қауіпті операцияны сәтті бастады және Қазақстанның басқа өңірлеріндегі әріптестерімен тәжірибе бөлісті.
Сондай-ақ Павлодарда ғана туа біткен және жүре пайда болған жүрек ақаулары, қолқа қақпақшасының, қолқа түбірі мен өрлемелі қолқаның проблемалары бар жас пациенттерге Росс операциясы жасалады. Мұндай әдіс операциядан кейін коагулянттарды қабылдаудан бас тартуға мүмкіндік береді. Науқас барлық ұсыныстарды орындаған жағдайда қайта операция көп уақыттан соң қажет болуы мүмкін. Осындай әдіспен төрт операция жасалған.
Ағымдағы жылдың мамыр айында облыста алғаш рет жас жүкті әйелге жасанды қан айналымы кезінде ұрықты сақтай отырып, жүрекке жоспарлы операция сәтті жасалды. Бұрын мұндай ота кезінде жүктілікті тоқтату қажет болатын.
– 11 жыл ішінде біздің орталықта 52 мыңнан астам адам емделді. Оперативті емді 21 мың адам алса, жеті мың адамға хирургиялық ашық жүрек операциясы жасалды. Оған қоса, екі мыңнан астам интервенциялық араласу жүргізілді. Ал биыл 313 науқас емделіп, оның 28-іне операция жасалды, оның ішінде 18-і инсульт алған науқастар, – деді спикер.
Еске сала кетейік, орталықта енгізілген технологияның арқасында «Өкпе артериясының тромбоэмболиясы» – ашық әдісті қолдану арқылы өкпе артериясының тромбоэкстрациясы диагнозы қойылған науқастар үшін екінші мүмкіндік пайда болды. Мұндай ота Қазақстанда тек Павлодар кардиоорталығында жүргізіледі. Соңғы 5 жылда осындай 40-тан астам операция жақсы нәтиже берді.
Өңірде 45 кардиолог жұмыс істейді, оның ішінде 42-сі —ересектер, үшеуі —балалар маманы.