Павлодарлық оқушы республикалық Махамбет оқуларында ақшалай марапатталды

Павлодарлық оқушы республикалық Махамбет оқуларында ақшалай марапатталды

Республикалық байқау бес бағыт бойынша өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Дарын» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Атырау облысының білім беру басқармасымен бірлесіп, отарлау саясатына қарсы азаттық қозғалыстың жарқын өкілі, қазақ халқының біртуар тұлғасы, батыр, ақын, күйші Махамбет Өтемісұлының шығармашылығына арналған республикалық байқау өткізді.

Байқау бес бағыт бойынша ұйымдастырылды: «Ұлы арман» – Махамбет шығармаларына иллюстрациялық суреттер салу, «Ел құтқарар ер едім...» – ақын шығармаларын мәнерлеп жатқа оқу, «Шашақты найза, шалқар күй» – Махамбет күйлерін орындау, «Тартынбай сөйлер асылмын...» – жас ақындар сайысы, «Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер» – «Хандар мен ел билеушілер», «Батырлар» тақырыбының бірін қорғау.

Павлодар облысынан республикалық додаға өңірлік байқаудың жеңімпаздары қатысты. Республикалық шара қорытындысы бойынша «Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер» бағытында Еркежан Айтбаева екінші дәрежелі дипломмен марапатталып, ақшалай сыйлыққа ие болды. Оған 80 мың теңге табыс етілді.