Павлодарлық оқушылар әлемдегі сұлулықтың алуан түрлілігін көруге ынталы

Павлодарлық оқушылар әлемдегі сұлулықтың алуан түрлілігін көруге ынталы
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

«Академиктер кубогы» қалалық жобасы өтті, деп хабарлайды@Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Жігер» балалар-жасөспірімдер орталығы ұйымдастырған жоба ақпан айында басталып, «География, елтану, флора және фауна» атты іріктеу кезеңінен, «әдебиет, ғылым, өнер» атты жартылай финалынан және «Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, мәдениет және әлем халықтарының дәстүрлері» атты финалдық кезеңдерден тұрды.

Қаланың 38 мектебінің 7 - 8 сыныптарының 190-нан астам оқушысынан тұратын 38 команда қатысуға тілек білдірді.

–    Бұл ойын тек бәсекелестік емес. Бұл ұрпақтар арасындағы, мәдениеттер мен мектептер арасындағы көпір, – деді орталықтың әдіскері Денис Морозов.

Ол қатысушыларға логикалық ойлауды, ел тарихын білуді және әлемдегі сұлулықтың алуан түрлілігін көруді үйрететінін айтты.

Жобаның шарттары бойынша қатысушылар пәндерді білудегі бағыттар бойынша жарысып, эрудиция, логика және креативтілік танытты, олар жылдамдық тапсырмаларын орындады, тақырыптық интеллектуалды квесттерді шешті, викторина элементтері бар блиц-турларға қатысты.

Финалдық кезеңге №6,18, 29, 15, 46, Шөкин атындағы, А. Бөкейхан атындағы, Б. Момышұлы атындағы, Жетекші мектептерінің командалары жетті.

Соңғы кезеңде қатысушылар «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Әлем халықтарының мәдениеті мен дәстүрлері» тақырыптары бойынша әлем халқының мәдени ерекшеліктерін, тарихи фактілерді, дәстүрлер мен жетістіктерді білуге бағытталған тапсырмаларды орындады.

Қызу күрес қорытындысы бойынша қатысушы командалар орыс тілінде және қазақ тілінде оқытумен 6 команда жүлделі орындарға ие болды.

Бірінші орынды № 18 мектебінің «Қайсар» командасы және А. Бөкейхан атындағы мектептің «Табиғат ұрпақтары» командасы қанжығасына байлады. Екінші орынды № 29 мектебінің «Пять мудрецов» командасы, Б.Момышұлы атындағы мектептің «Асылмұра» командасы жеңіп алды. Үшінші орынды Жетекші мектебінің «Всезнайки» командасы, № 46 мектебінің «Жарқын жұлдыздар командасы иеленді.