Павлодар облысының мектептерінде қауіпсіздік сабақтары енгізіледі
Маусымда балаларға қатысты зорлық зомбылықтың алдын алу әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін заң күшіне енді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы облыстық білім беру басқармасының басшысы Самал Айтқазина тамыз конференциясында мәлім етті.
– Жасөспірімдер мен жастардың ортасындағы суцид, буллинг, отбасы мен құрдастары арасындағы кәмелетке толмағандарға қатысты қатыгездік, зорлық-зомбылықтың бар екенін айтуымыз қажет. Бұл бағытта оқушылардың жеке қауіпсіздігін сақтау дағдыларын қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыстың, психологиялық қызметтердің маңызы зор. Осыған байланысты қауіпсіздік сабақтарын бағдарламасына енгізетін боламыз, – деді Самал Айтқазина.
Сондай-ақ, айына немесе аптасына бір рет өткізіліп жатқан сынып сағаттары негізгі вариативтік сағатқа енгізіледі деп жоспарлануда.
Айта кетейік, облыста бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдердің мәртебесі бекітіліп, психологиялық қолдау орталықтары құрылды. Әр мектепте ата-аналар педагогикалық қолдау орталықтары жұмысы қорғаншылық органдары қызметкерлерінің штаты ұлғайды. Отбасы тәрбиесінің әлеуетін арттыру мақсатында отбасы және мектеп облыстық тұжырымдамасы әзірленді.