Павлодарлық оқушылар ресейлік байқауда топ жарды

Павлодарлық оқушылар ресейлік байқауда топ жарды

Олар жоғары шеберліктерін көрсетіп, жүлде алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Ресейдің Ярославль қаласында балалардың бейнелеу өнері бойынша халықаралық «Ликующий мир красок – 2025» байқауының қорытындылары шығарылды. Байқауға Павлодар қаласындағы балалар көркемсурет мектебінің «Балалық шақ ертегілері» тақырыбындағы жұмыстарымен 20 оқушысы қатысты.

12 жас суретші жеңімпаздар мен дипломанттар атанды.

I дәрежелі лауреаттар 14 жастағы Елизавета Бочалова «Ча қалай айдаһарға айналды» жұмысы және 9 жастағы Злата Семенова «Маша мен аю» жұмысы үшін атанды.

II дәрежелі дипломдармен Василиса Степанова, Диляра Төлегенова, Амир Ибрагимов және София Одарчук марапатталды. Василиса Тузовская, «Мақтаншақ бұғы» атты жұмысы үшін III дәрежелі лауреат атанды.

Үздік композиция номинациясы бойынша арнайы дипломдар Елизавета Саможенова, Нарғыз Рақым, Диана Бурковская, Александра Юда және Аружан Ермекке табысталды.

Павлодарлық балалардың жеңістері олардың жоғары көркемдік шеберлігін және шығармашылық қиялының кеңдігін тағы бір мәрте дәлелдеді.