Павлодарлық өрт сөндірушілердің күйзеліске төзімділігі +60 градуста сыналады

Павлодарлық өрт сөндірушілердің күйзеліске төзімділігі +60 градуста сыналады
Фото: Павлодар облыстық ТЖД

Жаттығу жылу түтін камерасында өткізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Ол бөлмеде температура +60 градусқа дейін көтеріледі. Облыс әкімі Асайын Байханов ТЖД-ның заманауи оқу-жаттығу кешенінің жұмысымен танысты.  

№1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміндегі құны 110 миллион теңге тұратын жаңа жылу түтін камерасы орнатылды. Ол авариялық-құтқару қызметтерінің, өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің қызметкерлерін арнайы даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүргізуге арналған. Оқу сабақтары мен жаттығуларды өткізу және қызметкерлерді түтін, газдалған және термиялық жүктелген орта жағдайында оқшаулағыш типтегі тыныс алу аппараттарында жұмыстарды орындауға жіберу, соның ішінде зардап шеккендерді іздеу және эвакуациялау жұмыстарын жүргізу үшін қолданылады. Нысанның құрылысымен айналысқан «СитиСтрой-2030» ЖШС мердігерлік ұйымы айналысты. Компанияның техникалық директоры Асхат Жалимбетовтың сөзінше, аталмыш кешен Қазақстан бойынша 20-шы болып табылады. 

– 2011 жылы ТЖМ қызметкерлерімен бірлесіп, оқу іс-шараларын өткізу үшін өрт сөндірушілер мен құтқарушыларды даярлау мақсатында осындай кешен әзірледік. Себебі, адамдардың өмірін сақтау – елдің басты басымдығы, – деп атап өтті Асхат Жалимбетов.

Газ түтіннен қорғаушылар нұсқаушылар жасанды түрде жасаған ТЖ кезіндегі нақты жағдайларға барынша жақын, газ түтінінен қорғау қызметі буынының құрамындағы қызметкерлердің жұмыс дағдыларын жетілдіруге, олардың стреске төзімділігін дамытуға және тыныс алуға жарамсыз ортада әрекет ету кезінде тактикалық әдістерді пысықтауға бағытталған жылу-түтін камерасында жұмыс істейді.

– Қазіргі заманғы мобильді кешен жоғары температура жағдайында өрт сөндірушілерді оқытуға мүмкіндік беретін арнайы жабдықтар орналастырылған бірнеше жаттығу бөліктерінен, сондай-ақ жарық пен дыбыс әсерлері кезінде әртүрлі кедергілерді еңсеру дағдыларын пысықтауға арналған лабиринт жүйесі бар бөлімдерден тұрады. Сонымен, жылу жүктемесі бөлімі стационарлық велосипедпен және тренажермен жабдықталған, – деді Асхат Жалимбетов.

Бөлмедегі температураны +60 градусқа дейін арттыруға болады. Бөлімдерде түтіннің тығыздығын, жарық пен шудың жүктемесін, заттардың түсуін қашықтықтан реттеуге болады, жасанды түтін қолданылады. Бұрын жаттығулар 1991 жылы салынған жылу камерасында жүргізілген, түтін әсері қатты отынның көмегімен жасалған. Бұл денсаулыққа қауіпті болды. Енді қызметкерлердің тапсырмаларды дұрыс орындауы мониторларда көрінеді.

– Бұрын қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік бермеген жылу түтін камерасы болды. Сондай-ақ, жылу түтін амераларысандағы элементтердің бірі – құдық имитациясы. Бізде тереңдікте, құдықтарда құтқару жұмыстарын жүргізумен байланысты шығулар жиі болады. Ал бұл – қауіпсіз емес. Құтқарушы салмағы 20-30 келі толық жабдықпен астына түсіп, жәбірленушіні шығарып алады. Қазір жаңа кешен арқасында бәрін жасай аламыз, – деді Павлодар облысының ТЖД-ның бастығы, полковник Рустамбек Амрин.  

Оның сөзінше, жылу түтін камерасында жаттығу үшін рұқсатты әрбір қызметкер ала бермейді. Олар әскери дәрігерлік комиссиядан өтуі керек. Яғни көру қабілеті ғана емес, сонымен қатар мұрын қуысы, тыныс алу жолдары да тексеріледі. Осылайша құтқарушы күйзелістік жағдайда өзін ғана емес, сонымен бірге жәбірленушіні де түтін басқан ғимараттан алып шыға алатынына сенімді болады.

Жылу-түтін камерасының мүмкіндіктері сонымен қатар нұсқаушыға төтенше жағдайларда газ-түтін қорғаушылардың әл-ауқаты мен мінез-құлқын бейнебақылау және импульс пен қанықтылық арқылы қызметкерлердің жағдайын бақылайтын импульстік датчиктер арқылы онлайн режимінде бақылауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, желдету жүйесінің көмегімен түтін еш қиындықсыз сыртқа шығарылады. 

Аталмыш оқу-жаттығу кешені облыстық бюджет қаражаты есебінен сатып алынды.

Айта кету керек, қазіргі уақытта құтқарушылар тәжірибеде сәтті қолданылатын әртүрлі заманауи техникалық жаңалықтарға ие. Осылайша, өрт ошақтарын анықтау үшін түтінді бөлмедегі температуралық айырмашылықтарды көруге, конструкциялар бойынша жылудың таралуын бақылауға және бөлмеге термиялық әсер ету дәрежесін бағалауға мүмкіндік беретін жылу түсіргіштің мүмкіндіктерін пайдалана отырып жұмыстар жүргізіледі.

Максималды түтін жағдайында бағдарлау үшін қозғалыс бағытын көрсететін және нөлдік көріну жағдайында сілтемені жоғалтпауға мүмкіндік беретін жарқыраған бағыттаушы кабель қолданылады.

Сонымен қатар, планшетке Wi-Fi арқылы қосылған экшн-камералар қолданылады, бұл өртті сөндіру басшысына сыртта болған кезде байланыстың әрекеттерін нақты уақыт режимінде бақылауға және төтенше жағдайлар туындаған кезде жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Мұндай сабақтар өрт сөндірушілердің кәсіби деңгейін едәуір арттырады, бұл оларға төтенше жағдайларда жедел және тиімді әрекет етуге мүмкіндік береді.