Павлодарлық полицей әлем чемпионатында қолаға қол жеткізді
Сомбодан өткен әлемдік дода Орал қаласында ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жарысқа әлемнің 16 елінен 540 спортшы қатысқан.
- Жер шарының 16 елінен келген спортшылармен бірге өз бағын сынап, шеберлігі мен ширақтығын дәлелдеген Руслан Қаңтарбаев – полиция полковнигі. Павлодар облысы ПД ЖҚАЖ командирі. Ол 98 келі салмақ дәрежесінде әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, - делінген хабарламада.
Айта кетелік, Руслан дәл осы салмақ дәрежесінде биыл Азия чемпионатының қола жүлдегері атанған. Әрі 2023 жылғы Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы, 2022 жылғы самбодан Қазақстан Республикасы Чемпионатының күміс жүлдегері, самбо мен джиу-джитсудан ІІМ чемпионаттары мен жарыстарының бірнеше дүркін жүлдегері, Қазақстан Республикасының спорт шебері.
Руслан Қаңтарбаевтың ішкі істер органдарында еңбек еткеніне 18 жылдан асты.