Павлодарлық полицейлер ұрланған әшекейді иесіне қайтаруға көмек етті

Павлодарлық полицейлер ұрланған әшекейді иесіне қайтаруға көмек етті
Фото:pixabay.com

Жедел әрекет пен кәсіби шеберлік өз нәтижесін берді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Қала тұрғыны үйінен алтын зергерлік бұйымдарының жоғалғанын байқап, бірден полицияға жүгінген. Павлодар қаласы полиция басқармасы Орталық полиция бөлімінің жедел уәкілдері Раймбек Керуенов, Арман Серікқалиев және Диас Қайыров  іздестіру шараларын дереу бастап, ұрланған әшекейлерді тапты. Заттар заңды иесіне қайтарылып, бұл оқиға полиция жұмысының тиімділігін айқын көрсетті.

Полиция департаменті бастығы Василий Склярдың атына келген алғыс хатта азамат Азелла Рамазанова тәртіп сақшыларына шын жүректен ризашылығын білдірді. Бұл оқиға құқық қорғау қызметкерлерінің адамдардың қауіпсіздігі жолындағы адал еңбегінің бір көрінісі.

– Әрбір тәртіп сақшысы қиын жағдайда адамдарға көмектесу үшін барын салады, – дейді Павлодар қаласының полицейлері.

Полиция қызметкерлерінің кәсібилігі мен жеделдігі қоғам тыныштығының кепілі. Павлодарлық полицейлердің бұл әрекеті құқық қорғау саласындағы сенім мен құрметті арттыратын нақты мысал.