Павлодарлық полицейлер алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертеді
![Павлодарлық полицейлер алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертеді](https://pavlodarnews.kz/uploads/images/202311/image_750x_655cf10d5f1fa.jpg)
Алаяқтар өздерін медициналық мекеме қызметкерлері ретінде таныстырады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, олар қоңырау шалғанда адамды флюорография өтуге шақырады. Алаяқтар қабылдаудың күні мен уақытын таңдағаннан кейін, тұрғынның телефонына келген кодты хабарлауды сұрайды.
– Код расталғаннан кейін олар сізге жазбаның сәтті түрде тіркелгені туралы хабарлайды. Біраз уақыттан кейін мемлекеттік қызметтерге қол жеткізе отырып, олар сіздің атыңызға несие ресімдейді, – деді Павлодар облысы ПД криминалдық полициясының киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің бастығы Ризабек Жанат.
Полицейлер азаматтардан сақ болуды және телефон арқылы sms кодтарды бейтаныс адамдарға жібермеуді сұрайды.
– Хабарламаның кімнен келгенін бірнеше рет тексеріп, оның мазмұнын оқыңыз. Егде жастағы туыстарыңызға қырағы болуды және алаяқтардың айла-амалдарына бой алдырмауды ескертіңіз,– деді департаментте.
Егер алаяқтыққа күдік болса, бұл туралы полицияға хабарлауды ұмытпаңыз.