Павлодарлық полицейлер жолда бұзылып қалған көліктің жолаушыларына көмек етті
Жолаушылар қатты аязда тұрған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полицейлер Астана-Павлодар автожолында патрульдеу кезінде жол жиегінде авариялық сигналды қосып тұрған көлікті байқады.
– Далада қатты аяз болды, жел соғып тұрды. Көліктегі ақауды өзім жөндей алмаушы едім, өйткені өзіммен бірге құрал-саймандар болмаған. Бір уақытта полиция қызметкерлері - майор Арман Ғинаятов пен аға лейтенант Төлеубай Құдайбергенов бізді көріп, көмек ұсынды. Олар бізге эвакуаторды шақырып берді. Өмірде қиын сәтте көмекке келуге дайын адамдар бар екені қуантады. Полицейлерге үлкен рақмет, – деп ризашылығын білдірді жолаушы.
Өз кезегінде тәртіп сақшылары Павлодар облысының тұрғындары мен қонақтарын ауа райының қолайсыздығында тас жолға шықпауға, сондай-ақ өзімен бірге автомобильге қажетті барлық құралдарды алып жүруді ескертеді.