Павлодарлық саясаттанушы: «Конституция қоғамдық тұрақтылықты нығайтады»
Оның пікірінше, жаңарған Конституция жобасы Қазақстанның ішкі тұрақтылығы мен ұлтаралық келісімді күшейтуге бағытталған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы саяси сарапшы, Торайғыров университеті «Философия және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының аға оқытушысы Борис Поломарчук өз пікірін білдірді.
- Конституция қоғамдағы рұқсат етілетін шектерді нақты белгілейді. Пікірталас пен сын болуы мүмкін, бірақ ол адам қадір-қасиеті мен қоғамдық татулық есебінен жүзеге аспауы тиіс. Қазақстан алуан түрлілікті қауіп емес, ортақ байлық ретінде қабылдайды. Бұл — елдің тұрақты дамуының берік негізі, — деді Борис Поломарчук.
Оның айтуынша, жаһандық өзгерістер мен дағдарыстар жағдайында мемлекет үшін басты тірек — ортақ құндылықтар мен нақты бекітілген ережелер. Осы тұрғыда жаңа Конституцияда адам қадір-қасиетін қорғау, кемсітушілікке жол бермеу және мәдени-тілдік құқықтарды сақтау негізгі қағида ретінде айқындалған.
Сондай-ақ құжатта нәсілдік, ұлттық және этностық артықшылықты насихаттауға, араздықты қоздыруға және қоғамдық келісімге нұқсан келтіретін кез келген әрекетке тыйым салынатыны атап өтілді.