Павлодарлық спортшылар муай-тайдан республикалық турнирдің жеңімпаздары атанды

Павлодарлық спортшылар муай-тайдан республикалық турнирдің жеңімпаздары атанды
Фото: қалалық білім бөлімінен

Павлодар қаласының «Бірлік» жекпе-жек сарайында Бөгенбай батырды еске алуға арналған муай-тайдан III республикалық турнирі өтті,деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Турнирге Астана қаласы, Павлодар және Ақмола облыстарынан 10-18 жас аралығындағы 200-ге жуық жас палуан қатысты. 

«Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының намысын муай-тай секциясының үш спортшысы қорғады. 

Турнир қорытындысы бойынша 16-17 жас аралығындағы қатысушылар арасында 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Арыстан Құсайынов алтын медаль иегері атанды.

– Турнирге жастар мұқият дайындалып, рингте күштерін лайықты көрсете алды. Енді оларда қысқа үзіліс болады. Содан кейін келесі жарысқа бар күш жігерімізді салып дайындаламыз, – деді спортшылардың жаттықтырушысы Жандос Рақышев.

16-17 жас аралығындағы қатысушылар арасында жас санатында 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қайрат Құсайынов күміс

жүлдегер атанса, 14-15 жас аралығындағы қатысушылар арасында 45 келіге дейінгі салмақта қола медальді Глеб Некрасов қанжығасына байлады.