Павлодарлық сарбаздар мереке күндері қандай ас мәзірін күтеді
Әскерде ас мәзірін кімдер және қалай әзірлейді – бұл туралы @Pavlodarnews.kz тілшісінің материалында.
Қарапайым адамдардан бөлек, әскерилердің ас мәзірі қатаң қадағаланады. Мұндағы басты талап – сарбаздардың кез келген физикалық жүктемеге әзір болып, сергектігін қамтамасыз етуі үшін азықтың калориялылығы, көмірсу, ақуыздар мен майлардың тепе-теңдігін бұзбау. Дегенмен, осындай қатаң талаптарға қарамастан, әскери бөлімшелердегі аспаздар тәтті тағам әзірлеуді әбден машықтанған.
5512 әскери бөлімшенің азық-түлік қызметінің бастығы Әділхан Тоғаевтың айтуынша, сарбаздар бешбармақ, сорпа, палау мен лағманды ерекше сүйіп ішеді.
- Біз ас мәзіріне ұлттық тағамдарды енгізіп отырамыз. Мысалы, жақында сарбаздарға қазақша ет қатты ұнады. Одан бөлек, палау, лағман, сорпа жауынгерлерге қатты ұнайды. Ас мәзірі апта сайын өзгереді. Мереке күндері бүгінгідей мерекелік ас мәзірі дайындалады, - дейді Әділхан Тоғаев.
Мұндай күндері сарбаздарға жемістердің – апельсин, банан мен алманыңеселенген порциясы беріледі. Одан өзге, жауынгерлерге бауырсақ немесе басқа да пісірмелер беріледі.
Сарбаздың күнделікті рационына міндетті түрде ет, түрлі жармалар, І және ІІ сұрыптағы нан, жартылай қақталған шұжық, ірімшік, балық, көкөністер мен жемістер, сүт өнімдері: айран, қаймақ, ірімшік енеді.
Ас мәзірі азық-түлік қызметінің бастығы, медиктер, асхана бастығы мен аға аспазбен құрастырылады.