Жоғары білім болашағы: вице-министр павлодарлықтардың сұрақтарына жауап береді

Жоғары білім болашағы: вице-министр павлодарлықтардың сұрақтарына жауап береді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ғылым мен жоғары білім саласын дамыту мәселелері талқыланады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

10 қазан күні сағат 10:00-де ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова өңір тұрғындарымен кездеседі.

– Іс-шарадан кейін азаматтарды жеке қабылдау ұйымдастырылады. Жеке қабылдауға жазылу 8 (7172) 74-19-29 нөмірі арқылы жүргізіледі. Ал ғылым және жоғары білім саласына қатысты өтініштерді d.ordabaeva@sci.gov.kz электронды поштасына жіберуге болады, – деді министрліктің баспасөз орталығы.

Кездесу Ломов көшесі, 64 мекенжайы бойынша Торайғыров университетінде өтеді.