Павлодарлық студенттер төтеншеліктерден тәжірибе алады
Торайғыров университетінің өкілдері мен облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшылығының кездесуі өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ЖОО баспасөз қызметінің мәліметінше, университетті 23 жыл ішінде 1000-ға түлек жуық тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мамандығы бойынша бітірген.
ToU әскери кафедрасында Павлодар облысы ТЖ департаментінің басшылығымен жасалған ынтымақтастық туралы меморандум шарттарының орындалуы талқыланды.
– Университетте құтқарушылар мен басқа да шұғыл қызметтердің жұмысында пайдалы болуы мүмкін көптеген әзірлемелер бар. Сонымен қатар университет ғалымдары ТЖД-мен бірлескен ғылыми жобаларды дайындауға әзір, – дейді оқу орнында.
Жыл сайын университет студенттері мен магистранттары төтенше жағдайлар департаментінде, сондай-ақ осы департаменттің әртүрлі құрылымдық бөлімшелерінде кәсіби тәжірибеден өту мүмкіндігіне ие.
Айта кету керек, тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мамандығы университетте 2000 жылдан бері табысты жұмыс істеп келеді және осы уақыт ішінде мамандық бойынша 1000-ға жуық маман даярланған.