Павлодарлық студенттерге жұмыс табуға көмек көрсетіледі

16 мыңнан астам оқушы мен студентке жұмыс іздеу дағдылары үйретіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Альмира Дисюпованың айтуынша, өңірде жұмыссыздық деңгейі артып келеді. Сондықтан Еңбек министрлігі кадр қажеттілігін болжайтын «Инновациялық жоба навигаторы» платформасын әзірледі.
– Бүгінде сұранысқа ие қырықтан астам мамандық бойынша ақпарат бар. Бұл орта және жоғары оқу орындарының түлектеріне алдын ала өздеріне мамандық таңдауға мүмкіндік береді, – деді басқарма басшысы.
2025 жылға арналған «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында «Жас мамандар практикасы» жобасы аясында жас мамандарды оқыту үшін тәжірибеден өткен жерден тәлімгерлерді тарту жоспарлануда. Болашақта студенттер өндірістік оқуды аяқтаған жерде жұмысқа орналаса алады.
– Сондықтан электронды еңбек биржасында студентке өндірістік тәжірибе үшін орынды таңдауға және нақты дағдыларды алуға мүмкіндік беретін функционалы әзірленген. Бұл платформада облыстан 16 жұмыс беруші 50 бос жұмыс орнын жариялады, – деп атап өтті Альмира Дисюпова.
Оның сөзінше, «Электрондық еңбек биржасы» бірыңғай цифрлық платформасын пайдалана отырып, шамамен 16 118 мектеп оқушысы мен 5 933 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студентін жұмыс іздеу және жұмысқа орналастыру дағдыларына оқыту жоспарда бар.
2025 жылы 26,7 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланса, оның 18,3 мыңы тұрақты, 8,4 мыңы уақытша жұмысқа орналасады.