Павлодарлық трассада жүк көлігі қозғалтқышында сымдар тұйықталып, өрт шықты

Павлодарлық трассада жүк көлігі қозғалтқышында сымдар тұйықталып, өрт шықты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өрт үлкен аумаққа таралып үлгермеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

26 қыркүйекте Павлодар – Қызылорда автожолында қозғалыс кезінде Volkswagen Polo маркалы автокөлігінің қозғалтқышында  өрт шығып, өрт тез арада салонға тарады. Өрт ауданы шамамен бес шаршы метрді құрады. Өрт сөндірушілер шақыруды алғаннан кейін тоғыз минут ішінде өртті жойды. Анықталғандай, жүргізушінің көлігінде өрт сөндіргіш құралы болмаған. 

Екінші жағдай Екібастұз – Ақкөл жолында орын алды. КамАЗ маркалы жүк көлігінің козғалтқыш бөлімінде резеңке-техникалық бұйымдары жанып кетті. Алайда, бұл жағдайда жүргізушіде екі өрт сөндіргіш құралы болды және өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін өрттің таралуын тез тоқтата алды. 

Павлодар облысының ТЖД еске салады: автокөлікте өрт кез келген уақытта орын алуы мүмкін. Екі жағдайда да электр сымдарының қысқа тұйықталуынан өрт шыққан. Алайда, нәтиже әр түрлі болды — алғашқы өрт сөндіру құралдарының болуына немесе болмауына байланысты.

Департамент азаматтарға автокөлік құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ұсынады:

  • әрбір көлік құралы көлемі кемінде 2 литр болатын жарамды өрт сөндіргішпен жабдықталуы тиіс. Бұл жағдайда сіз өрт сөндіргіштің құрылғысын білуіңіз керек;
  • автокөліктің тораптары мен механизмдерін жарамды күйде ұстау;
  • аккумуляторларды тікелей көлік құралдарында қайта зарядтауға жол бермеңіз;
  • қозғалтқышты үрлеу шамымен жылытуға болмайды.