Павлодарлық волейболшылар күзгі чемпионатта бақтарын сынады
Жарысқа елдің әр аймағынан 16 мықты команда қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, Баянтау спорт сарайында 2012-2013 жылдары туған жасөспірімдер арасында волейболдан ҚР Күзгі чемпионаты өз мәресіне жетті.
Тартысты өткен финалда өңірлік команда Ақтөбе облысына 2:3 есебімен жол берді.
– Осылайша, бірінші орынды Ақтөбе облысы, екінші орынды Павлодар облысы, үшінші орынды Маңғыстау облысы, төртінші орынды астаналық команда иеленді, – деді ведомствода.
Аймақтық команданың үздік ойыншысы ретінде Амантай Мүслім танылды.