Павлодарлық жас футболшылар ел чемпионатын жеңіспен аяқтады

Команданың чемпионатты оң нәтижемен аяқтады деуге толық негіз бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодарда 2012 жылы туған ойыншылар арасында Қазақстан чемпионатының алтыншы, соңғы туры өтті. Қаламызға «Астана», «Жеңіс», «Ұлытау», «Шахтер» футбол орталықтарының футболшылары келді.
Алғашқы кездесуінде Нұрлан Байжұмановтың шәкірттері «Астананы» 6:1, одан кейін жерлестері «Жеңісті» 2:0 есебімен ұтты. Әрі қарай «Ертіс» футболшылары кезекті ірі жеңісіне қол жеткізді. Бұл жолы павлодарлықтар Жезқазғанның «Ұлытауын» 6:1 есебімен йосырата ұтты. Павлодарлықтар чемпионатты қарағандылық «Шахтерға» қарсы ойынмен аяқтады. Қарағандылықтар 3:0 есебімен солтүстіктіктерге есе жіберді.
- Өкінішке орай, жеңіс тұғырынан көріне алмадық, - деп қынжылады павлодарлық бапкер Нұрлан Байжұманов. – Алайда, жігіттер тапсырманы толықтай орындап, өз алаңымызда өткен турды жеңіспен аяқтады. Мен ойыншыларымызды мақтан тұтамын. Олар жақсы, шабуылдаушы футбол ойнады. Біздің орталық қызметкерлері де нәтижелі жұмыс жасады деп ойлаймын.
«Ертіс-2012» чемпионатты 22 қазақстандық команда арасында төртінші орынмен аяқтады. Алайда, павлодарлықтардың жеңіс тұғырынан көрінуге бір ғана ұпайы жетпей қалды. «Ертіс» чемпионатта 86 гол және +65 гол айырмасымен чемпионаттың екінші нәтижесін көрсетті.