Павлодарлық жедел жәрдемде ЖРВИ-мен байланысты қоңыраулар саны азаймай тұр
Бұл ретте 70%-ға жуық жедел респираторлық вирустық инфекциялар балаларда тіркеледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, әдетте демалыс күндері жедел жәрдем шақыруларының саны арта түседі. Егер өткен сенбіде 103 желісінде 860 қоңырау қабылданса, дүйсенбіде олардың саны 1025-ке жеткен. Өсім бірден 30%-дан асты.
– Қарбаласқа қарамастан, пациенттер тарапынан шағымдар болған жоқ, – дейді облыстық жедел жәрдем станциясы басшысының орынбасары Ольга Вербовая. – Әдетте 103-ке қоңырау көп түскен жағдайда өзге аймақтарда басқа медициналық мекемелерінің қызметкерлері немесе медициналық колледж студенттері тартылуы мүмкін.
Павлодарлық 103 қызметі мұндай жүктемелермен өз бетінше күреседі.
Еске сала кетейік, 16 желтоқсанда облыс орталығында үш ер адам қатты аязда үсіп қалған.