Павлодарлық жолшылар қайырымдылық акциясын өткізді

Павлодарлық жолшылар қайырымдылық акциясын өткізді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жол активтері сапасы ұлттық орталығының мамандары қиын жағдайға тап болған аналарға көмек көрсетуді жөн көрді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы» Павлодар филиалының қызметкерлері көп балалы және аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетті.

15 наурыз – Қайырымдылық күні. Наурызнама онкүндігінің екінші күні жол қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларды аралады. Соның бірі – алты баласы бар толық емес отбасы.

Жол қызметкерлері аз қамтылған отбасыларға азық-түлік жиынтығын жеткізді. Қайырымдылық көмек ұйым қызметкерлері мен басшылығының жеке ерікті жарналары арқылы көрсетілді.

Бұл шараның мақсаты –көпбалалы, мүгедек, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету.

Айта кету керек, жол қызметкерлері мұндай акцияларды үнемі өткізіп тұрады.

Көктемде қызметкерлер балалар үйінің аумағына гүл отырғызады.

–  Біздің ұйым мұқтаж отбасыларға, әсіресе балаларға қатысты болса, әрқашан көмектесуге дайын. Денсаулықтары мықты, балалық шақтары бақытты болуына, жан-жақты дамуына қажеттінің бәрі болсын деп үлес қосқымыз келеді, – деді филиал директоры Ақылбек Қабылдин.

Жыл сайын оқу жылы басталар алдында жол қызметкерлері мұқтаж отбасыларға балаларын мектепке дайындауға көмектеседі.