Павлодарлықтарға арналған күзгі демалыс күнтізбесі

Республика күнінің дүйсенбіге ауысуынан тұрғындар қосымша 3 күн демалады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бес күндік жұмыс кестесімен еңбек ететін павлодарлықтар үшін қыркүйек айында 9 демалыс күні болады: әдеттегі төрт сенбі мен төрт жексенбі, сондай-ақ дүйсенбі — 1 қыркүйек.
Алты күн жұмыс істейтіндер үшін қыркүйекте 4 демалыс күні қарастырылған — барлық жексенбі күндері.
25 қазан — Республика күні. Биыл мереке сенбіге сәйкес келгендіктен, заң бойынша демалыс дүйсенбіге, яғни 27 қазанға ауыстырылады. Осылайша, бес күндік жұмыс істейтіндер үшін 25, 26 және 27 қазан — қатарынан үш күн демалыс. Қазан айында олар жалпы 9 күн демалады (барлық сенбі-жексенбі мен мерекелік күнді қосқанда).
Алты күндік жұмыс кестесімен еңбек ететіндер үшін 25 қазан — ресми мерекелік демалыс, ал 27 қазан — жұмыс күні. Нәтижесінде, қазан айында олар 5 күн демалады: барлық жексенбі мен Республика күнін қоса алғанда.
Қарашада бес күндік жұмыс аптасы бар азаматтар үшін 10 демалыс күні белгіленген — айдағы барлық сенбі мен жексенбі. Қосымша мерекелік немесе ауыстырылған демалыс күндері қарастырылмаған.
Алты күн жұмыс істейтіндер бұл айда 5 рет демалады — тек жексенбі күндері.
Айта кетейік, биыл Конституция күні сенбіге сәйкес келгендіктен, оған байланысты демалыс күні дүйсенбіге ауыстырылды. Осыған орай, 1 қыркүйек ресми түрде демалыс күні болып жарияланды.
Нәтижесінде, білім күніне арналған барлық салтанатты іс-шаралар 2 қыркүйекте өтетін болды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді.