Павлодарлықтарға референдум тізіміне қалай енуге болады?
Өңір тұрғындары алдағы конституциялық реформа бойынша өз таңдауын жасау үшін тізімдегі деректерін алдын ала тексеріп, тіркеу мәселесін реттеуі қажет, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
2026 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы бойынша республикалық референдум өтеді.
– Референдум қатысушыларының тізімін жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеудің негізінде жасайтынын назарларыңызға жеткіземіз. Тұрақты тіркеуі жоқ немесе дауыс беретін күні тіркелмеген орында болуды жоспарлайтын азаматтарға дауыс беретін күнге дейін 30 күннен кешіктірмей қала әкімдігіне (Қайырбаев көшесі, 32, 408-кабинет мекенжайы бойынша) өтініш беру қажет, – деді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Аталған құқықты дауыс беретін күні тіркеу орны бойынша болмайтыны белгілі болған азаматтар, жоғары және орта арнаулы оқу орындарында оқитын және жатақханадан тыс тұратын басқа қаладан келген студенттер, сондай-ақ вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтар қолдана алады.
Тізімдегі деректерді +7 (7182) 32-00-36 нөмірі бойынша Павлодар қаласы әкімдігінің Call-орталығы арқылы не өз деректеріңізді +7 777 252 4744 WhatsApp нөміріне жіберу арқылы тексеруге болады.
Call-орталықтың жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін (үзіліс 13:00 – 14:30), сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін.