Павлодарлықтарға тегін заң көмегі көрсетілді
Акцияны сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің еріктілері өткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, бүгін «Batyr Mall» ойын-сауық орталығы алаңында халыққа түрлі құқықтық мәселелер бойынша тегін заңгерлік кеңес беру бойынша акция өтті.
Консультанттар ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер, олардың арасында заң консультанттары палатасының, адвокаттар алқасының және нотариустардың өкілдері, сондай-ақ облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің, жергілікті атқарушы органдардың, Әділет, Мемлекеттік кірістер және Полиция департаменттерінің қызметкерлері қатысты.
Акция қорытындысы бойынша тұрғын үй құқығы, мүлікті бөлу, еңбек қатынастары және т. б. мәселелер бойынша ең көп жүгінген 60-тан астам павлодарлықтар заң көмегін алды.