Павлодарлықтар қала әкіміне көкейкесті сұрақтарын тікелей қоя алады
Шаһар басшысы тұрғындармен кездеседі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
28 шілде күні сағат 11:00-де Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков облыс орталығының тұрғындарымен К. Әбусейітов атындағы мәдениет үйінде кездеседі.
Жиын барысында қала тұрғындарын алаңдатқан өзекті мәселелер талқыланып, азаматтардың ұсыныс-пікірлері тыңдалады.
Тұрғындар кездесуге қатысып, өздерін толғандырған мәселелерді тікелей қала әкіміне қою мүмкіндігіне ие болады.