Павлодарлықтар қандай жол ережелерін жиі бұзады?

Павлодарлықтар қандай жол ережелерін жиі бұзады?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Полицейлер үш күн ішінде 648 заң бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. 

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы өңір жолдарындағы апаттылықты азайту үшін жүргізілуде. Тәртіп сақшылары қызметтік автомобильдерге орнатылған мобильді аппараттық-бағдарламалық кешендерді пайдаланады. Апатты қауіпті учаскелердегі нарядтар саны артты. 

Ең жиі бұзушылықтар: жолдың тыйым салынған бөлігінен өту (188 жағдай), жүргізушілердің қауіпсіздік белдіктерін елемеуі (110 жағдай) және күндізгі уақытта жарықтандыру құрылғыларын пайдалану ережелерін бұзу (83 жағдай) болды. 

Полиция жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады әрі бұл жол қозғалысының барлық қатысушыларының қауіпсіздігіне байланысты екенін еске салады. 

Қарсы қозғалыс жолағына шығу сияқты өрескел бұзушылық ерекше алаңдаушылық тудырады. Бұл – ауыр зардаптарға әкелетін апаттың ең көп тараған себептерінің бірі.  Кейбір жүргізушілер өздерінің және басқа да жол қозғалысына қатысушылардың өмірін қатерге тігуді жалғастыруда. 

Мәселен, Павлодарда Академик Сәтбаев көшесінде полиция қызметкерлері қарсы қозғалыс жолағына шығып, басып озған жүргізушіні ұстады. Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік материал толтырылып, сотқа жіберілді.