Павлодарлықтар өз сайлау учаскесін қалай анықтай алады?
Тұрғындардың өз сайлау учаскесінің мекенжайын білудің бірнеше қарапайым тәсілі бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
1. Call-орталық арқылы
Павлодар облысының барлық қалалары мен аудандарында Call-орталықтар жұмыс істейді.
Операторға қоңырау шалып немесе WhatsApp арқылы өз деректеріңізді жіберіп, учаскеңіздің нөмірі мен мекенжайын нақтылай аласыз.
Call-орталықтардың телефон нөмірлері облыс, қала және аудан әкімдіктерінің ресми сайттарында, сондай-ақ аумақтық сайлау комиссияларының әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланған.
Жұмыс уақыты: күн сайын сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін
2. Telegram-бот арқылы
«Сайлау учаскесін іздеу қызметі» Telegram-ботына өтіп, ЖСН нөміріңізді енгізу жеткілікті.
Бот сізге автоматты түрде учаске нөмірі мен орналасқан жерін көрсетеді.
3. Онлайн сервис арқылы
«Өз сайлау учаскеңізді табыңыз» қызметі мына сайттарда қолжетімді:
- Павлодар облысының әкімдігінің ресми сайты
- Қалалар мен аудандар әкімдіктерінің интернет-ресурстары
Жай ғана ЖСН енгізіп, нәтижені бірден алуға болпды.