Павлодарлықтар гинекологиядағы қатерлі ісік бойынша тегін кеңес ала алады
Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы қажет, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
30 наурызда облыстық онкологиялық диспансерде гинекологиялық және колоректалды қатерлі ісіктерді алдын алу айлығына орайластырылған «Ашық есік күні» өтеді.
– Барлық ниет білдірушілерді алдын ала жазылусыз онкологтың тегін консультациясына шақырамыз, – делінген хабарламада.
Дәрігерлер Российская көшесі, 57/3 ғимарат, А корпусы мекенжайында сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін қабылдайтын болады.
Байланыс телефоны: 66-00-91, 66-00-97, 66-00-98.