Павлодарлықтар ортақ меншіктегі мүліктің салығын қалай төлей алады?

Ортақ бірлескен меншікте өзара келісім бойынша мүлік иелерінің бірі салық төлеуші болып табылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы және байланыс-орталығы басқармасының мәліметінше, ерлi-зайыптылар некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезінде жинаған мүлiк, олардың бiрлескен ортақ меншiгi болып табылады.
Егер салық сомасы барлық меншік иелеріне келсе, онда меншік иелерінің біреуі ғана төлем жасайды. Ортақ үлестік меншікте осы мүліктегі үлесіне сәйкес мүліктің барлық меншік иелері салық төлеушілер болып табылады.
Мемлекеттік кірістер органдары уәкілетті орган («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ) жіберген мәліметтердің негізінде ерлі-зайыптылардың біріне мүлік салығын есептейді.
Қате төлемдерді болдырмау үшін көрсетілген деректемелерді пайдалана отырып, төлемдерді бір уақытта жүзеге асыру мүмкіндігімен нақты есептелген салық сомасын kgd.gov.kz сайтында «Алдағы төлемдер» сервисінде және
«E-salyq Azamat» мобильді қосымшасынан, сондай-ақ банктердің «Kaspi.kz» және «Halyk bank» мобильді қосымшаларында көруге болады.
Басқармада ағымдағы жылдың 1 қазанында 2024 жыл үшін жылжымайтын мүлік және жер учаскелерінің меншік иелерінің мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталатынын еске салады.