Павлодарлықтар тыныс алу ауруларын тиімді емдеу жолдарымен танысты

Павлодарлықтар тыныс алу ауруларын тиімді емдеу жолдарымен танысты
Фото: @redcrescent_pvl

«Volunteer experience» шағын гранты аясында «Жақсылық жаса» жобасының жұмысы жалғасуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ҚР «Қызыл ай қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Павлодар облыстық филиалының мәліметінше, «Qamqor» бағыты бойынша жоба қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсету, жалғыз тұратын қарттарға және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға көмек көрсету болып табылады және Павлодар қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен жүзеге асырылады.

– Күні кеше ғана «Ішкі денсаулық» тобының жұмысы сәтті аяқталды. Онда қатысушылар заманауи құрылғылар арқылы қан қысымын бақылауды үйреніп, тыныс алу органдарының ауруларын тиімді емдеуге арналған небулайзердің жұмыс істеу принциптерімен танысты, – дейді ұйымдастырушылар.

Қоғамдық бірлестік қатысушыларға атсалысып, денсаулықтарын күткендері үшін алғыстарын білдіреді.