Павлодарлықтар жүректерін тегін тексерте алады
Кардиолог кеңесі жолдамасыз да қолжетімді болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облыстық кардиологиялық орталығы 40 жастан асқан қала тұрғындарын жүрек-қантамыр жүйесінің жағдайын тексеруге шақырады.
29 қыркүйек күні сағат 8:00-ден 12:00-ге дейін Ткачёв көшесі, 10/3 мекенжайында тұрғындар шұғыл диагностикадан өте алады.
Тексеру барысында электрокардиограмма (ЭКГ) жасалып, оның нәтижесін кардиолог талдайды. Мамандар тұрғындарға денсаулық жағдайына байланысты қажетті ұсыныстар береді.
Маңыздысы, тексеруден өту үшін дәрігердің жолдамасы мен алдын ала жазылу қажет емес.