Павлодарлықтар жедел жәрдем станциясына қалай қоңырау шала алады?

Павлодарлықтар жедел жәрдем станциясына қалай қоңырау шала алады?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Баламалы телефон нөмірлері бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық жедел жәрдем станциясында «Қазақтелеком» желілеріндегі ақауларға байланысты 103 телефон желісінде үзілістер болып жатқанын хабарлады. 

– Мамандар ақауларды жоюмен айналысып жатқан уақытта шұғыл медициналық көмек алу үшін балама байланыс арналарына жүгінуге болады. 112 нөмірі – құтқару қызметіне қоңырау шалған кезде, сіздің шақыруыңыз қабылданып, «103» желісіне беріледі. Қала нөмірлері +7(7182)53-64-30, 34-71-26, мобильді нөмір +7(771)013-73-18, – деді облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, Павлодардың 103 қызметінде Telegram-бот жұмыс істейді. 

– Оны пайдалану үшін http://t.me/pvl_103_bot сілтемесі бойынша жазылу қажет. «Жедел жәрдем шақыру» батырмасын басқаннан кейін, қолданушы нұсқаулыққа сәйкес жарақат немесе сырқаттың сипаттамасын жазып, науқастың орналасқан жерін барынша нақты көрсетуі керек. Жіберілген өтінімдер облыстық жедел жәрдем станциясының бірыңғай колл-орталығында өңделеді. Алдымен диспетчер шақырудың шұғылдығын анықтайды. Төрт түрлі шұғылдық санатына қарай жедел жәрдем бригадасының жету уақыты реттеледі. Мысалы, бірінші санаттағы шақырулар – адам өміріне нақты қауіп төнген жағдайда – 15 минут ішінде өңделуі тиіс. Төртінші санаттағы шақырулар емханаларға жолданып, олардың мобильді бригадаларымен қызмет көрсетіледі, – деп түсіндірді жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі.

Өтінімнің қабылданған-қабылданбағанын «Өтінімнің статусын тексеру» батырмасын басу арқылы бақылауға болады.

Ведомство тұрғындардан ахуалға түсіністікпен қарауды сұрайды.