Павлодарлықтарды шеберлік сағатына шақырады

Павлодарлықтарды шеберлік сағатына шақырады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Тілек білдірушілерге ұлттық зергерлік бұйымдардың жасалу жолы үйретіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Шара 20 маусым күні сағат 16:00-де Ломов көшесі, 38 мекенжайындағы жастар бастамаларын дамыту орталығында өтеді.

– Дәстүр атмосферасына еніп, өзіңіздің ерекше зергерлік бұйымдарыңызды жасаңыз! Шеберлік сабағында қазақ зергерлік бұйымдарының тарихы мен символикасы туралы айтып, оларды жасау техникасын меңгеруге көмектеседі, – дейді ұйымдастырушылар.

Кіру тегін.