Павлодарда Зеленстрой шағын ауданында жоспарланған сенбілік келесі аптаға ауыстырылды
Сұлтанов-Нұржанов көшесінің қиылысында жоспарланған сенбіліктің нақты уақыты белгілі болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысының экология департаменті мамырдың бесі күні «Таза Қазақстан» акциясы аясында Павлодар қаласының Зеленстрой шағын ауданындағы Сұлтанов-Нұржанов көшесінің қиылысында сенбілік жоспарлаған.
– Пасха мерекесіне байланысты сенбілік 11 мамыр сағат 9:00-ге ауыстырылады, – деді департаментте.
Барлық ниет білдірушілерді қатысуға шақырады.