Павлодарлық Антикор проблемалық нысандарды бақылауға алды

Павлодарлық Антикор проблемалық нысандарды бақылауға алды
Фото: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұсынды

Облыста мұндай нысандардың саны – он, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше,  елімізде 156 проблемалық әлеуметтік нысан болса, оның 10-ы Павлодар облысында орналасқан.

Оның ішінде Ақсу қаласындағы Хиуаз Доспанова көшесі, 34 мекенжайы бойынша орналасқан тоғыз қабатты көппәтерлі тұрғын үй мен қалалық жылыту қазандығы, Павлодар қаласындағы авиақалашық, «Сарыарқа» шағын ауданындағы № 28 тұрғын үй, сондай-ақ Баянауыл ауданындағы су құбырларының құрылысы бар.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет құрылыс барысын тиімді бақылау үшін жергілікті атқарушы органдармен және жұртшылықпен бірлесіп, жұмыс барысын тексереді. Сондай-ақ аталған объектілерді салу мен жөндеуді іске асыру барысын өңірдің қоғамдық ұйымдары да бақылауға алады.