Биыл Павлодар облысында неше спорт нысаны қолданысқа беріледі?

Өңірде спортпен жүйелі түрде айналысатындардың жалпы саны төрт мыңнан астам адамды құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы дене-шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Имашев спортшыларды даярлаудағы табыстың бір құрамдас бөлігі – бұл спорттың заманауи талаптарына жауап беретін материалдық-техникалық базаның болуы және оны жетілдіру екенін атап өтті.
Ағымдағы жылы мына нысандардың құрылысы аяқталды: Ақсу қаласында мұз аренасы, Успен ауданының Успенка, Шарбақты ауданының Шалдай, Хмельницкое, Ақтоғай ауданының Қараоба ауылындарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, Павлодар қаласында шаңғы жарысы мен биатлон секциялары үшін шаңғы тебу жолы және ғимараты.
– Өңірде 2200 спорттық нысан бар. Қазіргі уақытта келесі төрт ауылда дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы жүргізілуде. Атап айтқанда, Баянауыл ауданының Баянауыл ауылы, Аққулы ауданының Қарақала ауылы, Май ауданының Қаратерек ауылы, Павлодар ауданының Кемеңгер ауылы, Ақсу қаласының Үштерек ауылында, – деді Азамат Имашев.
Ағымдағы жылы Тереңкөл ауданының Песчаное ауылында және Екібастұз қаласының ауылдық аймағындағы Бәйет, Қоянды ауылдарында, Баянауыл ауданының Жаңатілек ауылында 4 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жобалары іске асыру жоспарлануда. Оған қоса Успен ауданының Успенка, Ертіс ауданының Ертіс, Май ауданының Көктөбе ауылдарында үш жүзу бассейнінің құрылысы жүріп жатыр.
– 2025 жылы облыста дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын адамдар саны 296 000 адамды құрайды, оның ішінде ауылдық жерлерде – 126 мыңнан астам адам. Осылайша, «Халықтың 50 пайызын дене шынықтыру және спортпен айналысуға 2029 жылы жеткізу» нысаналы индикаторы жалпы халық санының 39,4 пайызын құрайды. 2025 жылға арналған жоспар – 41,3 пайыз, – деді басқарма басшысы.
Бұл ретте, спортпен аз шұғылданатын адамдардың Успен, Ақтоғай және Аққулы аудандарына тиесілі екені белгілі болды.
Облыс әкімі Асайын Байханов маңызды инфрақұрылымды салу біздің жұмысымыздың бір ғана бөлігі екенін, ал негізгісі инфрақұрылымның ішінде жаттығатын балалар мен спортшылардың санын көбейту екенін алға тартып, бұл бақыттағы жұмыстарды қолға алуды тапсырды.
Айта кетейік, облыстың 116 елді мекенінде тұрғындармен дене шынықтыру-спорттық жұмыстарын 148 спорт нұсқаушысы жүргізеді. Дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатындардың жалпы саны төрт мыңнан астам адамды құрайды.
Облыстың спорт мектептерінде жаз мезгілінде екі мыңнан астам адамды қамти отырып, 40-тан астам спорттық-бұқаралық іс-шара өткізу жоспарланған.