Павлодарлық баскетболшылар «барыстарды» тізе бүктірді

Павлодарлық баскетболшылар «барыстарды» тізе бүктірді
Фото: «Ertis» БК

«Ertis» қыздары Ұлттық лиганың соңғы турындағы үшінші ойнын өткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жұлдыз Байдүйсенова шәкірттері «Барсы Атырау» командасымен ұшырасты. Павлодарлық қыздар ойын тізгінін қолға алды: бірінші ширек біздің командамыздың пайдасына шешілді – 28:8. Әрі қарай «Ertis» қарқынды әлсіретпей, есептегі айырмашылықты арттыра берді.

Америкалық легионерлер де бұл жеңіске зор үлес қосты. Мысалы, Кейтлин Томас 26 ұпай жинады. Одан павлодарлық баскетболшы Валерия Капитонова да сәл ғана қалыс келді. Оның еншісінде 23 ұпай. Нәтижесінде «Ertis» 95:50 есебімен қарсыласын тізе бүктірді.

Соңғы бесінші тур Щучинскіде өтуде. Павлодарлықтар үш ойын өткізіп үлгерді. Осыған дейін біздің команда «Ақтөбе» (86:63) мен «Каспийге» (99:91) есе жіберді. Біріншілік аяқталуға дейін павлодарлықтар бір матч өткізеді. 14 наурызда олар «Тұранмен» ойнайды.