Павлодардағы Бұқар жырау музейі мәнерлеп оқу байқауын жариялады

Павлодардағы Бұқар жырау музейі мәнерлеп оқу байқауын жариялады

Қалалық байқау жыршы, «Көмекей әулие» атанған Бұқар жыраудың 355 жылдығына арналады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz  тілшісі.

Байқауға мемлекеттік тілде білім алатын мектептердің 10-11 сынып оқушылары, колледждер мен ЖОО студенттері қатыса алады. 

Байқау 2 бөлімнен тұрады:

  1. Бұқар жырау шығармаларын (білім, туған жер, бірлік, өнер және имандылық тақырыптарына өрілген поэзиялық шығармасының - біреуін) жатқа мәнерлеп оқу.
  2. Бұқар жыраудың тұлғалық бейнесін көрсететін аңыз – әңгімелер мен көркемдік шығармалардан (проза) үзіндіні көркем шеберлікпен жатқа орындау.

Байқау жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. 

Іріктеу бөлімі 2023 жылғы наурыз айының 14-і күні өтеді. Қорытынды кеші қосымша хабарланады.

Байқауға қатысу туралы өтініш пен үміткер жөніндегі мәліметтерді 2023 жылғы наурыз айының 10-на дейін міндетті түрде мына мекенжайға әкеліп тапсыру керек: Павлодар қаласы, Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі, ак.Марғұлан көшесі 97 үй. 

тел: 32-32-88. 87773965982 немесе zhanara348@gmail.com электронды почта арқылы жіберуге болады.