Павлодарлық депутаттар Омбы қалалық кеңесімен меморандумға қол қойды
Павлодар қаласының делегациясы Омбыға қала күнін мерекелеу үшін барды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Сапар барысында Павлодар қалалық мәслихаты мен Омбы қалалық кеңесі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Өзара ынтымақтастық ақпарат алмасуды, серіктестермен байланыс орнатуды, ұсыныстарды қарауды, өңірлерді дамытуға және жобаларды іске асыруға арналған іс-шараларға қатысуды қамтиды.
Меморандумның басты мақсаты – ынтымақтастықты дамыту, достық байланыстар мен өзара түсіністікті нығайту, өңірлерді дамыту мүддесінде іс-қимылдарды үйлестіру және жобаларды іске асыру, сондай-ақ Қазақстан мен Ресей халықтарының ортақ мәдени мұрасын сақтау. Делегация қатарында Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков, облыстық мәслихаттың төрағасы Илья Теренченко, қалалық мәслихаттың төрағасы Қобланбек Қожин, қалалық мәслихат депутаттары Асхат Хабылбеков, Павел Горабчев Гүлжайна Даримова болды.