Павлодарлық екі спортшы Әлем универсиадасында өнер көрсетеді

Павлодарлық екі спортшы Әлем универсиадасында өнер көрсетеді
Фото: OLYMPIC.KZ

Бұл дода Чэнду қаласында өткізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қытай халық республикасының Чэнду қаласында жазғы әлем универсиадасы басталды. Бұл додада Павлодарлық  екі спортшы өнер көрсететін болады. Оның бірі 400 метрге жүгіретін болса,  екіншісі гепатлон ойындарында бақ таластырады.

Александра Залюбовская 400 метр қашықтықта жүгіретін болады. Ол бұған дейін Азия чемпионатында Қазақстан командасының мүшесінде алтынды қоржынға салған болатын. Бүгінгі таңда ол спорт шеберіне үміткер. 

Диана Гейнц – 2007 жылдан бастап жеңіл атлетика спортымен айналысып келеді. Ол 2018 жылы Азия Чемпионатында гепатлоннан 3 орын , бірнеше мәрте Қазақстан чемпионы атанған. 

Александра Залюбовская қашықтыққа жүгіруден 3 тамыз өнер көрсетсе, Диана Гейнц 4-5 тамыз күндері гепатлоннан өнер көрсететін болады.