Кенжекөлде балалар грэпплинг пен джиу-джитсумен айналысуға мүмкіндігі пайда болады
«Арлан» көпфункционалды кешені «Samruk-Kazyna Trust» қорының ақшасына салынған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Кешен директоры Нұрсұлтан Тасжановтың айтуынша, демеушінің арқасында мұндай спорттық сауықтыру кешендері еліміздің 16 өңірінде салынды. Кенжекөлде жалпы ауданы 1,7 мың шаршы метрді құрайтын кешен ауа тірек құрылысының негізінде салынған.
– Кешенге Кенжекөлдің балалары ғана емес, Павлодар қаласының Саяжай шағын ауданынан балалар да келеді, – деді Нұрсұлтан Тасжанов. – Жаттықтырушылар спорттың жеті түрінен – футбол, еркін күрес, дзюдо, қазақша күрес, бокс, көкпар, тенниспен айналысуға көмектеседі.
Боксшыларға, теннисшілерге және балуандарға арналған спорттық жабдықтар мол. Сондай-ақ, шағын футбол, волейбол, баскетбол алаңдары қарастырылған, теннис корты және екі жолақты жүгіру жолы бар.
Жыл басынан бері 250-ден астам бала футбол, бокс, еркін күрес, дзюдо және қазақша күрес секцияларына қатысады. Кешке кешен волейбол, үстел теннисі және футболмен айналысатын ересектер үшін ашық.
Келесі жылы грэпплинг және джиу-джитсу үйірмелерінің ашылуы жоспарланған.
Нұрсұлтан Тасжановтың айтуынша, кешен іске қосылған сәттен бастап бес тәрбиеленуші еркін күрестен республикалық жарыстардың, тағы үшеуі – бокстан қалалық турнирлердің чемпиондары мен жүлдегерлері атанды.