Павлодарлық энергетиктер интеллектуалдық ойындарда бақ сынасты

Жарыс шахмат, дойбы және тоғызқұмалақ ойындары бойынша өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, турнирдің судьялары болып Шахмат үйі командасы, қазылар алқасының төрағасы Шәріп Қашкенов басшылығымен қызмет атқарды.
– Бәсекелестік рухына қарамастан, жарыс жылы және құрметті атмосферада өтті. Шахмат және дойбы ойындары бойынша командалық есепте бірінші орынды «ПЭТК» АҚ командасы жеңіп алды, – деді ұйымдастырушылар.
Кәсіподақ төрағасы Балтабек Төлеубаевтың айтуынша, интеллектуалдық жарыстар нағыз ақыл мерекесіне айналып, корпоративтік рухты нығайтты және энергетиктер қуатпен басқаруды ғана емес, әрбір қадамды дәл есептей білетінін дәлелдеді.
Турнир салтанатты марапаттау рәсімімен аяқталды. «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ Бас директоры Олег Щемель мен Балтабек Төлеубаев жеңімпаздарға дипломдар, ақшалай сыйлықтар және қатысқандары үшін жылы сөздер айтты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram