«Ақсу барысы» анықталды

«Ақсу барысы» анықталды

Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы спорт сарайында қазақ күресінен «Ақсу барысы-2023» қалалық іріктеу турнирі өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Ақсу қалалық әкімдігінің мәліметінше, «Қазақстан барысы» сайысының қалалық кезеңінде үш үздік палуан анықталды. Олар «Павлодар барысы» облыстық турниріне Ақсу қаласының намысын қорғайтын болады. 

Турнирде барлығы 17 палуан күш сынасты. 

«Түйе палуан» абсолютті салмақ дәрежесінде Амри Багустар чемпион атанып, «Ақсу барысы-2023» белбеуімен, медальмен, дипломмен және арнайы сыйлықпен марапатталды. 

2-орын алған Еламан Хавалхан және 3-орын алған Медет Сирлибаевқа медальдар, грамоталар және арнайы сыйлықтар табысталды. 

Айта кетейік, Амри Багустар өткен жылы да «Ақсу барысы» атанған болатын.

Фото: ашық дереккөздерден