Павлодарлық еріктілер үйсіз жандарды тамақтандырады

Павлодарлық еріктілер үйсіз жандарды тамақтандырады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Акция апта сайын өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. 

Бұл туралы «VITA» іздеу жүйелері Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады. 

– Біз бір ыдыс сорпа ұсыну арқылы көмек қолын соза аламыз. Нағыз адамдар осылай істеуі керек емес пе? Бәлкім, бұл біреудің өмірін сақтап қалуы, ал біреудің  өмірін өзгертуі мүмкін, – деп жазды еріктілер. 

Еріктілер үйсіз адамдардан басқа жануарларды тамақтандырады. Егер үйсіз адамдарды қайдан табуға болатынын білсеңіздер, бұл туралы @poiskoviki_pavlodara_vita парақшасына немесе watsap 8 747 615 55 63 нөміріне хабарлауға болады.