Павлодарлықтардың мәдениеті төмендеп барады

Павлодарлықтардың мәдениеті төмендеп барады
Фото: Константин Шелков

Полицейлер мұны нақты деректермен дәлелдеуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жалпы Павлодар облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Руфат Кенжин атап өткендей, облыста қоғамдық орындардағы қылмыс 22,6 пайызға, көшеде 23,7 пайызға төмендеген.

- Облыста жол-көлік оқиғалары көбейген, - деді спикер. – Себептердің арасында апаттылықтың жоғарылығы зор орын алады. Адам факторы басым, яғни жүргізуші мен жаяу жүргіншілердің көшелер мен жолдардағы өзін-өзі ұстау мәдениетінің төмендігі, жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзу және жол қозғалысының басқа қатысушыларына сыйламаушылық көріністері, көлік құралдарының көбеюі.

Статистикаға сәйкес, жыл басынан бері адам өлімімен аяқталған сегіз жол-көлік оқиғасы орын алған. Облыс жолдарында 448 заң талаптарын сақтамау фактісі анықталып, жол қауіпсіздігі саласында 42 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді.