Сабантой-2024: Павлодарда татарлар мен башқұрттардың ұлттық мерекесі тойланады

Сабантой-2024: Павлодарда татарлар мен башқұрттардың ұлттық мерекесі тойланады
Фото: gas-kvas.com

Бұл мереке көктемгі дала жұмыстарының аяқталуына арналған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Облыстық Татар-башқұрт қоғамдық-мәдени орталығы баспасөз қызметінің мәліметінше, мерекелік іс-шара 29 маусым күні сағат 11:00-де Достық үйінің алаңында өтеді.

Мерекенің мақсаты татар-башқұрт этностары ұлттық құндылықтарын қала тұрғындары  және жастар арасында кеңінен насихаттау, ана тілге, мәдениет пен өнерге, салт-дәстүрге деген құрмет көрсетуді тәрбиелеу, – дейді ұйымдастырушылар.

Қонақтарды мерекелік концерт, балалар мен ересектерге арналған ойындар, ұлттық тағамдардың көрмесі мен саудасы, «Чак-чак – мереке патшасы» сайысы күтеді.