Павлодарлық грэпплерлер Варшавада жеңіс тұғырынан көрінді

Павлодарлық  грэпплерлер Варшавада жеңіс тұғырынан көрінді

Варшава қаласына әлемнің түкпір-түкпірінен келген 800 грэпплер өзара бақ сынасты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық спорт басқармасының хабарлауынша, 21-24 тамызда Польшада грэпплинг және грэпплинг гиден күрес түрлерінен өткен әлем чемпионатында павлодарлық спортшылар бес медаль жеңіп алды.

Павлодар облысының тумасы Имран Мағзұм U17 санатында екі бөлім бойынша екі дүркін Әлем чемпионы атанды, ал Бекей Мирас U20 санатында чемпион атағын алды.

Савелий Казаков ерлер арасында және 20 жасқа дейінгі жастар арасында екі қола медаль жеңіп алды. Айта кету керек, Савелий –ұлттық құрама сапында екі жас санатында жүлдегер атанған жалғыз спортшы.

Бұл  –  біз үшін биылғы жылдың ең маңызды бастамалардың бірі. Төрт қатысушымыздың барлығы 100% нәтиже көрсетті, тек біреуі ғана жеңіс тұғырынан көріне алмады. Спортшылар өте қиын іріктеуден, оқу-жаттығу жиынының бірнеше кезеңінен өтті. Келесі мақсатымыз – дүниежүзілік жекпе-жек ойындары, – деп атап өтті спортшылардың жаттықтырушысы Зайырбек Абылқадыров.  

Павлодарлық спортшылардың арқасында Қазақстан құрамасы U17, U20 жас санатында бірінші жалпыкомандалық, ал ерлер мен әйелдер арасында екінші орынды иеленді.

Фото: Павлодар облысының грэпплинг спорттық күрес федерациясы (UWW) ұсынды