Павлодарлық мектеп оқушылары робототехника әлемін бағындыруда

Павлодарлық мектеп оқушылары робототехника әлемін бағындыруда
Фото: pexels.com

Қазірдің өзінде балалар осы салада жетістіктер көрсетіп жүр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазіргі таңда мектептерде робототехниканы дамытуға басымдық берілген. Павлодар облысының 122 мектебінде оқыту ұйымдастырылған мамандандырылған робототехника кабинеттері ашылған. Сонымен қатар, 163 мектеп 1921 робототехника жинағымен, 101 3D принтерімен және 32 Raspberry Pi бір тақталы компьютерімен жабдықталған.

Соңғы екі жылда облыстағы 24 мектеп «Болашақ инженер» бағдарламасы аясында «Арман Инжиниринг» ЖШС шығарған қазақстандық R:ED бағдарламалық-аппараттық жүйелерін алды.

Ақпараттық технологиялар орталықтарында жыл сайын робототехника жарыстарының аймақтық кезеңдері өтеді. Мәселен, 2025 жылдың 14-16 сәуірінде АҚШ-та 6-12 жас аралығындағы FIRST LEGO LEAGUE әлем чемпионатында «Atlantis» командасы ел намысын қорғап, Қазақстан тарихында тұңғыш рет мәртебелі марапат – «Team Model Award» жүлдесін жеңіп алды.