Павлодар әкімі қала маңындағы ауылдық округ тұрғындарымен кездеседі

Павлодар әкімі қала маңындағы ауылдық округ тұрғындарымен кездеседі
Фото: Константин Шелков

Бір айда сегіз кездесу өткізу жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.zk тілшісі.

Президенттің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес облыс орталығының басшысы Ержан Иманзаипов пен Павлодар қаласының ауылдық округтері әкімдерінің халықпен тұрақты  кездесулері өтеді.

Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманзаипов 8 тамыздан бастап 25 тамызға дейін сегіз кездесу өткізеді, онда тұрғындарды толғандырған мәселелер талқыланатын болады. 

8 тамыз сағат 11:00-де Кенжекөл ауылдық округі Долгое ауылының тұрғындарымен кездесу өткізеді. Бұл шара ауылдың мәдениет үйінде Баспақов,9 мекенжайында өткізіледі. Ал сағат 12:00-де Байдала ауылының тұрғындарымен жолығады. Бұл шара Қуанов,19 мекенжайында өткізілмек. 

9 тамыз күні Кенжекөл аулының тұрғындары қала әкімімен кездесе алады. Кездесу Ата заң 3/2 мекенжайы бойынша орналасқан мәдениет үйінде өткізіледі. 

11 тамыз сағат 11:00-де әкім Мойылды ауылы тұрғындарының шағымдарын тыңдамақ. Кездесу Абай,1  мекенжайы бойынша орналасқан №38 мектепте өткізіледі.

14 тамыз сағат 11:00-де Ленин кенті тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылады. Кездесу Сарыарқа 53/1 мекенжайы бойынша орналасқан мәдениет үйінде өткізіледі. 

16 тамыз сағат 11:00-де Жетекші ауылында кездесу өтеді. Кездесу Қыз Жібек 5/1  мекенжайы бойынша орналасқан Жетекші орта мектебінде өткізіледі.

18 тамыз Павлодар ауылының тұрғындары қала әкімімен кездеседі. Кездесу Береговая 60/1  мекенжайы бойынша орналасқан №40 мектепте өткізіледі.

25 тамыз Павлодар қаласының тұрғындарымен кездесу Катаев,44 мекенжайында орналасқан «Қ.Әбусейітов» атындағы мәдениет үйінде өткізіледі.