Сенбіде Павлодарда дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Аудандық тауар өндірушілер өздерінің өнімдерін арзандатылған бағамен сатады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, 9 наурызда Торговая көшесі, 2А құрылысы (Космонавтар және Торговая көшелерінің қиылысы) мекенжайында жәрмеңке ұйымдастырылады.
Оған Аққулы, Тереңкөл, Успен аудандары және Павлодар қаласы сияқты аудандардың тауар өндірушілері қатысады.